Әкімдіктің 2019 жылғы 22 қарашадағы № 244 "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 3 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 8 қаңтарда № 9697 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабы 4-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жітіқара ауданы әкімдігінің "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы" 2019 жылғы 22 қарашадағы № 244 қаулысына (2019 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8788 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының әкімі А. Ибраев

  Жітіқара ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 8 қаңтардағы
№ 3 қаулысына
қосымша
  Әкімдіктің
2020 жылғы 22 қарашадағы
№ 244 қаулысына
қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

р/с №

Елді мекеннің атауы

Сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар

1

Жітіқара қаласы

"Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балалар өнер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

2

Аққарға ауылы

"Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Аққарға бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

3

Забелов ауылы

"Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Забелов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

4

Құсақан ауылы

"Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қосақан бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

5

Милютин ауылы

"Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Милютин орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

6

Мүктікөл ауылдық округі Мүктікөл ауылы

"Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мүктікөл бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

7

Пригородный ауылы

"Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Пригородный орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

8

Приречный ауылы

"Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Красноармейск негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

9

Степной ауылы

"Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Степная орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

10

Мүктікөл ауылдық округі Тимирязев ауылы

"Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тимирязев негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

11

Тоқтаров ауылдық округі
Тоқтаров ауылы

"Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тоқтаров негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

12

Большевик ауылдық округі Тургенов ауылы

"Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Большевистск негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

13

Чайковский ауылы

"Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Чайковск орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

14

Ырсай ауылы

"Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ырсай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады